Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттарын айқындау туралы" 2013 жылғы 29 наурыздағы № 63 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін, төлемақыны төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттары айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы |
Н. Қызбергенов |