2021 жылға Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 43 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 ақпанда № 8037 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармағына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға Қобда ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қобда ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 160 "Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5601 тіркелген, 2017 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда ауданының әкімі Б. Кулов

  Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 43 қаулысына қосымша

2021 жылға Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

№ р/н

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Белгіленген квота мөлшері

Квота мөлшері (Жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

50

2

1

2

"Қобда-Жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

51

2

1

3

"Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

53

2

1

4

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қобда аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

90

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады