Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Байторысай ауылдық округінің Байторысай және Покровка ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Байторысай ауылдық округі Байторысай ауылының келесідей көшелері:
"Тың" көшесі – "Наурызбай" көшесіне;
"Набережная" көшесі – "Саржайлау" көшесіне қайта аталсын.
2. Байторысай ауылдық округі Покровка ауылының келесі көшесі:
"Д. Кузьменко" көшесі – "Жамбыл" көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байторысай ауылдық округінің әкімі |
А. Ажниязова |