Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 55 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 наурызда № 8082 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 09.02.2024 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Қайыңды және Егіндібұлақ ауылдық округтері аумақтарында орналасқан жалпы алаңы 6600 гектар және 4200 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 27 маусымына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі А. Шериязданов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады