Темір ауданы әкімдігінің "Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекiту туралы" 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 80 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 желтоқсанда № 26299 болып тіркелді

      Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Темір ауданы әкімдігінің "Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атауларын және индекстерін бекіту туралы" 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 80 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-189 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Темір аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысының жолаушылар көлiгi
және автомобиль жолдары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

  Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 қаулысына қосымша
  Темір ауданы әкiмдiгiнiң 2 сәуірдегі 2018 жылғы № 80 қаулысына қосымша

Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстері тізбесі

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, километр

1

KD-TE-01

Еңбекші ауылына кіреберіс жол

17,5

2

KD-TE-02

Шығырлы ауылына кіреберіс жол

0,809

3

KD-TE-03

Бірлік ауылына кіреберіс жол

2,43

4

KD-TE-04

Темір қаласына кіреберіс жол

1

5

KD-TE-05

Қопа ауылына кіреберіс жол

2,04

6

KD-TE-06

Алтықарасу ауылына кіреберіс жол

2,165

7

KD-TE-07

Құмқұдық ауылына кіреберіс жол

7,93

8

KD-TE-08

Тасқопа ауылына кіреберіс жол

33,51

9

KD-TE-09

Жамбыл ауылына кіреберіс жол

9,615

10

KD-TE-10

Сартоғай ауылына кіреберіс жол

3,28

11

KD-TE-11

Ақсай ауылына кіреберіс жол

1,7


Барлығы

81,979


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады