Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Темір ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 13 "Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4752 болып тіркелген, 2016 жылы 4 наурызда аудандық "Темір" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Мұңайтбасовқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданының әкімі | А. Жүсібалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" "Ақтөбе облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А. Османгалиев |
Темір ауданы әкiмдiгiнiң 2 сәуірдегі 2018 жылғы № 80 қаулысына қосымша |
Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстері тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 08.12.2021 № 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, километр |
1 | KD-TE-01 | Еңбекші ауылына кіреберіс жол | 17,5 |
2 | KD-TE-02 | Шығырлы ауылына кіреберіс жол | 0,809 |
3 | KD-TE-03 | Бірлік ауылына кіреберіс жол | 2,43 |
4 | KD-TE-04 | Темір қаласына кіреберіс жол | 1 |
5 | KD-TE-05 | Қопа ауылына кіреберіс жол | 2,04 |
6 | KD-TE-06 | Алтықарасу ауылына кіреберіс жол | 2,165 |
7 | KD-TE-07 | Құмқұдық ауылына кіреберіс жол | 7,93 |
8 | KD-TE-08 | Тасқопа ауылына кіреберіс жол | 33,51 |
9 | KD-TE-09 | Жамбыл ауылына кіреберіс жол | 9,615 |
10 | KD-TE-10 | Сартоғай ауылына кіреберіс жол | 3,28 |
11 | KD-TE-11 | Ақсай ауылына кіреберіс жол | 1,7 |
Барлығы | 81,979 |