Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
Қаратал ауылындағы:
"Астана" көшесін "Абай" көшесіне;
"Қ.Ержанов" көшесін "Әбілқайыр хан" көшесіне.
Құмжарған ауылындағы:
"Ш.Берсиев" көшесін "Дінмұхамед Қонаев" көшесіне;
"Республика" көшесін "Бекет ата" көшесіне.
Қарасу ауылындағы:
"Ш.Берсиев" көшесін "Ахмет Жұбанов" көшесіне;
"Бейбітшілік" көшесін "Бауыржан Момышұлы" көшесіне.
2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ш. Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі |
А. Избасов |