2021 жылға Хромтау ауданындағы мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 47 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 10 наурызда № 8090 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квотолау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Хромтау ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде, мүгедектер үшiн қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота:

      1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Хромтау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 132 "Хромтау ауданындағы мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5525 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қосымбаеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау ауданының әкімі А. Бекет

  Хромтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 47 қаулысына қосымша

2021 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарының квотасы

№ п/п

Ұйымдардың атауы

Жұмысшылардың тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмысшылардың тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 Хромтау орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73

2

1

2

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№6 "Ақкөгершін" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

55

2

1

3

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Хромтау аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

362

4

14

4

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

2

2

5

"АКМЭЗ" ЖШС

92

2

2

6

"Али-Жас и К" ЖШС

253

4

10

7

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№4 "Гүлдер" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

60

2

1

8

"Коппер Текнолоджи" ЖШС

435

4

17

9

"Восход -Хром" ЖШС

296

4

12

10

"Агрофирма "Тау" ЖШС

63

2

1

11

"Хромтау кірпіш зауыты" ЖШС

134

3

4

12

"Ақтөбе ет кластері" ЖШС

191

3

6

13

"Ақтөбе металл-құрылымдары зауыты" АҚ

210

3

6

14

"Хромтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Хромтау аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

90

2

2

15

"Еуразия медициналық орталығы" ЖШС Хромтау филиалы

59

2

1

16

"Восход-Oriel" ЖШС

525

4

21

17

"МЖК-Строй Сервис" ЖШС

59

2

1

18

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі" " мемлекеттік мекемесінің "Нұрлы-көш орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

72

2

1

19

"SCHACHTBAU KASACHSTAN/ШАХТБАУ КАЗАХСТАН"ЖШС

131

3

4

20

"Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС

1462

4

58

21

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№6 Хромтау орта гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

117

3

4

22

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің №7 "Еркетай" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

61

2

1

23

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің №5 "Ақбота" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

64

2

1

24

"АТЛАС-АВТО" ЖШС

67

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады