Хромтау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 132 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 маусымда № 5525 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 47 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 04.03.2021 № 47 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Хромтау ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота:

      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 29.04.2019 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Шілмановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бердалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады