Бершүгір ауылдық округі Бершүгір ауылындағы атаусыз көшеге атау беру туралы туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 қаңтарда № 8019 болып тіркелді

      Қазақстан Ресбликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Бершүгір ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Схемалық картаға сәйкес Бершүгір ауылдық округінің Бершүгір ауылындағы атаусыз көшеге "Нұрғиса Тілендиев" атауы берілсін.

      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бершүгір аулдық округінің әкімі А. Жұбаназар

  Бершүгір ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешіміне қосымша

Бершүгір ауылдық округі Бершүгір ауылындағы атаусыз көшесіне "Нұрғиса Тілендиев" атауын беру туралы схемалық карта



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады