Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 21.11.2022 № 366 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшаcына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облысы әкімдігінің "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 171 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5484 тіркелген, 2020 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 171 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 30 қарашадағы № 455 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 болып тіркелген, 2020 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
А. Баталов
Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымша 2021 жылғы | |
26 сәуірдегі № 164 |
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемі
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1(бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық шығынының нормативі (кг) | Балық азығының 1(бір) кг үшін тиесілі субсидиялар сомасы (теңге) | Субсидияланатын көлемі (тонна) |
Шығыны | Субсидиялар сомасы (мың.теңге) |
1 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | кг | 1,2 | 270 | 277,8 | 30 | 27 000 |
2 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | кг | 1,5 | 285 | 31,1 | 30 | 4 000 |
3 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | кг | 4,0 | 105 | 8,7 | 30 | 1 095 |
Барлығы | 317,6 | 32 095 |