"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021-2022 оқу жылына арналған Алматы облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Байжұмановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
2021 жылғы 12 қазандағы № 368 қаулысына қосымша |
2021-2022 оқу жылына арналған Алматы облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ п/п | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың немесе тәрбиеленушілердің саны | Айына бір білім алушыға немесе тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | Көркем-эстетикалық | 15 373 | 14 234 |
2 | Ғылыми-техникалық | 748 | 14 234 |
3 | Туристік-өлкетану | 1 825 | 14 234 |
4 | Музыкалық аспаптық (мамандандырылған) | 847 | 32 451 |
Барлығы | 18 793 | 75 153 |