"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қаласының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2015 жылғы 27 мамырдағы № 320 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3229 тіркелген, 2015 жылғы 02 шілдесінде "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Бюджет, құрылыс, инвестицияларды тарту және жер мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының | |
сессия төрағасы | А. Жазыкбаев |
Талдықорған қалалық мәслихатының | |
[атшысы | Т. Ахажан |