Талдықорған қаласының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 320 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 17 маусымда № 3229 болып тіркелді. Утратило силу решением Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 16 марта 2021 года № 25

      Сноска. Утратило силу решением Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 16.03.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
      2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Талдықорған қаласы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" № 39 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 04 мамырында № 2-1-163 тіркелген, 2012 жылдың 11 мамырында "Талдықорған" газетінің № 19 жарияланған) шешімінің, Талдықорған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы "Талдықорған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Талдықорған қаласы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" № 39 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 90 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 12 желтоқсанында № 2238 тіркелген, 2012 жылдың 28 желтоқсанында "Талдықорған" газетінің № 52 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Мәженов Қайрат Рысханұлы) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс ХХХХХ
      сессияның төрағасы Ә.Алпысбаев
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы М.Бопазов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады