"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жансүгіров ауылдық округі Жансүгіров ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 15 сәуірдегі қорытындысының негізінде, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жансүгіров ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
шығыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге "Бөрібай батыр" көшесі, екінші көшеге "Қажымқан Мәсімов" көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жансүгіров ауылдық округінің әкімі | Б. Шарипов |