Ескелді ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 82 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 31 наурызда № 5912 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7232 тіркелген) сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ескелді ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. "Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Ескелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Е. Ахметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді ауданының әкімі Р. РАКЫМБЕКОВ

  Ескелді ауданы әкімдігінің қаулысына 1-қосымша

Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы Ломоносова көшесі № 21 үйде орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері

      Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:

      А – кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына

      1 шаршы метр үшін, теңге);

      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл. Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2011 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

      Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12

      Ц = 206 080 000 теңге/ 2157,80 (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы көлемі) = 95 504,68 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге); 

      Т = 140 жыл;

      А = 95 504,68 : 140 : 12 = 56,85 теңге бір шаршы метр үшін айына.

  Ескелді ауданы әкімдігінің қаулысына 2-қосымша

Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы Панфилов көшесі № 120 үйде орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері

      Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:

      А – кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына

      1 шаршы метр үшін, теңге);

      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл. Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2011 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

      Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12

      Ц = 223 524 734 теңге/ 5730,20 (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы көлемі) = 39 008,19 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге); 

      Т = 140 жыл;

      А = 39 008,19 : 140 : 12 = 23,22 теңге бір шаршы метр үшін айына.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады