Іле ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 259 "Іле ауданы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 104 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 12 наурызда № 5896 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Іле ауданы әкімдігінің "Іле ауданы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 2019 жылғы 4 шілдедегі № 259 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5204 тіркелген, 2019 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары С.Б. Ибраевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Аудан әкімі Б. Карасаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады