Қарасай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 "Қарасай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 18 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 15 қаңтарда № 5865 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасай ауданы әкімдігінің "Қарасай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5375 тіркелген, 2020 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Назарбаева Айжан Нұрділдаевнаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қарасай ауданының әкімі Ж. Далабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады