Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 44-170 "Қаратал ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 7-30 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 26 сәуірде № 5942 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал аудандық мәслихатының "Қаратал ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 21 қарашадағы № 44-170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4873 тіркелген, 2018 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ә. Досымбаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ш. Шарипбаева
      Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Тенельбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады