"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Ракимбекова Гулмира Абдигалиевнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кербұлақ аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | А. Жанаберлиев |
Кербұлақ аудандық мәслихатының | |
[атшысы | К. Бекиев |
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 03-20 шешіміне қосымша |
Кербұлақ аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Кербұлақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 02-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3789 тіркелген, 2016 жылдың 03 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. "Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 28-153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4624 тіркелген, 2018 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3. "Кербұлақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы "Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 28-153 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 22 қарашадағы № 41-220 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4884 тіркелген, 2018 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4. "Кербұлақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 28-153 "Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 5 мамырдағы № 56-331 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5525 тіркелген, 2020 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).