"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алатау ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде, Талғар ауданы Алатау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алатау ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
Қызыл-Қайрат ауылындағы "Тихая" көшесі "Талғат Бигелдинов" көшесіне;
Алмалық ауылындағы "Грушевая" көшесі "Әбілқайыр хан" көшесіне, "Заводская" көшесі "Оралхан Бөкей" көшесіне, "Мира" көшесі "Мәншүк Мәметова" көшесіне, "Садовая" көшесі "Сырым батыр" көшесіне, "Набережная" көшесі "Абылай хан" көшесіне, "Школьная" көшесі "Тәуке хан" көшесіне;
Байбұлақ ауылындағы "Центральная" көшесі "Дінмұхамед Қонаев" көшесіне, "Заречная" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесіне;
Рысқұлов ауылындағы "Интернациональная" көшесі "Қабанбай батыр" көшесіне, "Камо" көшесі "Бейбарыс сұлтан" көшесіне, "Молодежная" көшесі "Алтын Орда" көшесіне, "Школьная" көшесі "Алатау" көшесіне, "Садовая" көшесі "Әбу Насыр әл-Фараби" көшесіне, "Киров" көшесі "Алтынемел" көшесіне, "Ключевая" көшесі "Керей хан" көшесіне, "Овражная" көшесі "Қарасай батыр" көшесіне, "Береговая" көшесі "Есім хан" көшесіне, "Островская" көшесі "Кенесары хан" көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар ауданы Алатау ауылдық | |
округінің әкімі | К. Смагулов |