Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 51 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 155 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 225 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 08.04.2021 № 225 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 03-10/66 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жайлау мөлтек ауданы, Ахметов көшесі № 7 үйден құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Ахметов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады