"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/369-6с шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 маусымдағы № 6/45-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 шілдеде № 23274 болып тіркелді. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 19.03.2024 № 14/123-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/369-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмек көрсету және оның мөлшерін белгілеу қағидаларында:

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек жылына бір рет азаматтардың мына санаттарына берiледi:

      1) 22 наурызда (Наурыз мейрамы) - жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - 20 АЕК;

      2) 7 мамыр (Отан қорғаушы күніне) - жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға - 36 АЕК;

      3) 7 мамыр (Отан қорғаушы күніне) - Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 36 АЕК;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 36 АЕК;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 36 АЕК;

      1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 36 АЕК.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға, зейнеткер қатарындағы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға және еңбек ардагерлеріне тегін;";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге Үлгілік қағиданың 13-тармағына сәйкес құжаттарды қоса отырып өтінішті ұсынады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін олар өтініш берушіге қайтарылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды Әкімшіге жібереді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін қызмет алушы Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат;

      3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген № 068/е нысандағы жолдама алу үшін анықтама.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін олар өтініш берушіге қайтарылады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген қызметті алу үшін қызмет алушы әлеуметтік такси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат;

      3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген № 26/е нысанды дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.

      Салыстырып тексеру үшін 2), 4)-тармақшаларда көрсетілген құжаттар төлнұсқаларында ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";

      Қағиданың 1, 2, 3-қосымшалары алынып тасталсын.

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрайымы А. Елчиева
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады