"Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы" 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/628-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 12/97-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26076 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабына және 509-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласы мәслихатының "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы" 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/628-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 125 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

  Шымкент қаласы мәслихатының
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 12/97-VII шешіміне 1-қосымша
  Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 69/628-6с шешіміне 1-қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Санаттар

1.

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2.

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат


  Шымкент қаласы мәслихатының
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 12/97-VII шешіміне 2-қосымша
  Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 69/628-6с шешіміне 2-қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғаюы

1.

1 санат

он есе

2.

2 санат

он есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады