Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 05-01/381 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес пайдалы қазбаларды барлау және барлау учаскелеріне жол жүруді қамтамасыз ету үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2025 жылдың 22 қарашасына дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "Golden Compass Jambyl" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Серіктестік) барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақтасын, жер учаскелеріне жария сервитут белгілеуден келтірілген залалдар мен төлемақыны қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өтесiн.
3. Серіктестік бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін алты ай мерзімде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету қаражатынан жүргізсін.
4. Осы қаулыда көрсетілген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар серіктестік қызметкерлерінің пайдалы қазбаларды барлау учаскелеріне кедергісіз өтуін және (немесе) өз жер учаскелері арқылы өтуін қамтамасыз етсін.
5. "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Нығмашевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 82 қаулысына қосымша |
Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария сервитут белгіленген жер учаскелерінің экспликациясы
№ | Меншік иесі немесе жер пайдаланушының аты-жөні, тегі, атауы | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің орналасқан жері | Жер учаскесінің жалпы көлемі, гектар | оның ішінде |
жайылым, гектар | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Несипбаев Арнас Максутович | 06-092-031-006 | Меркі ауданы | 124,0 | 124,0 |
2. | "Ар-Ас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 06-092-097-005 | Меркі ауданы | 297,0 | 297,0 |
3. | Несипбаев Арнас Максутович | 06-092-031-065 | Меркі ауданы | 4,1864 | 4,1864 |
4. | Несипбаев Ансар Максутович | 06-092-031-160 | Меркі ауданы | 7,2857 | 7,2857 |
5. | "Гидроэнергетическая компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 06-092-092-003 | Меркі ауданы | 2,3338 | 2,3338 |
6. | Мусаханов Актамберди Ермекович | 06-092-097-043 | Меркі ауданы | 91,6147 | 91,6147 |
7. | Кеңес ауылдық округінің мемлекеттік жер қоры | 06-092 | Меркі ауданы | 2,4293 | 2,4293 |
8. | Найзакулов Аманбек | 06-092-046-187 | Меркі ауданы | 280,4950 | 280,4950 |
9. | Нурланкулов Ханапия Солтанаевич | 06-092-046-151 | Меркі ауданы | 100,0 | 100,0 |
10. | "Сыпатай батыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 06-092-046-179 | Меркі ауданы | 48,9541 | 48,9541 |
11. | Сыпатай мемлекеттік жер қоры | 046 | Меркі ауданы | 5,2726 | 5,2726 |
12. | Несипбаева Куанышкуль Омиршиевна | 06-092-031-162 | Меркі ауданы | 24,0466 | 24,0466 |
13. | Несипбаева Куанышкуль Омиршиевна | 06-092-031-161 | Меркі ауданы | 27,0 | 27,0 |
14. | Бакирбаев Токтасын | 06-092-054-130 | Меркі ауданы | 40,0 | 40,0 |
15. | Алиева Рыскул | 06-092-046-235 | Меркі ауданы | 59,0 | 59,0 |
16. | Кенжетаев Бауржан Абылгазыулы | 06-092-046-242 | Меркі ауданы | 658,0 | 658,0 |
17. | Оспаналиев Еркин Шабденбекович | 06-092-046-187 | Меркі ауданы | 445,0 | 445,0 |
18. | Меркі ауданының мемлекеттік жер қоры | 036 | Меркі ауданы | 667,9350 | 667,9350 |
19. | Меркі ауданының мемлекеттік жер қоры | 06-092 | Меркі ауданы | 10,0 | 10,0 |
Барлығы | 2894,5532 |