"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес мемлекеттік жер қоры есебінен Жамбыл облысы Шу ауданының Жаңақоғам және Қорағаты ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының хатшысы | М. Сарыбеков |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 228 мен Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 20 қазандағы № 10-4 бірлескен қаулының және шешімнің 1-қосымшасы |
Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңақоғам ауылдық округінің экспликациясы
№ | Жер пайдаланушылардың атаулары | Жалпы көлемі, гектар | Барлық ауыл шаруашылық алқаптары, гектар | оның ішінде | Басқа жерлер, гектар | |||
егістік, гектар | шабындық, гектар | көп жылдық екпелер, гектар | жайылым, гектар | |||||
1 | Жаңақоғам ауылдық округі | 120556,76 | 118943,93 | 9350,69 | 427,00 | 37,00 | 109129,24 | 1612,83 |
2 | Мемлекеттік жер қоры жерінен қосылған жер | 1767,00 | 1767,00 | 1767,00 | ||||
3 | Шекарасы өзгертілгеннен кейінгі жер | 122323,76 | 120710,93 | 9350,69 | 427,00 | 37,00 | 110896,24 | 1612,83 |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 228 мен Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 20 қазандағы № 10-4 бірлескен қаулының және шешімнің 2-қосымшасы |
Жамбыл облысы Шу ауданы Қорағаты ауылдық округінің экспликациясы
№ | Жер пайдаланушылардың атаулары | Жалпы көлемі, гектар | Барлық ауыл шаруашылық алқаптары, гектар | Оның ішінде | Басқа жерлер, гектар | |||
егістік, гектар | шабындық, гектар | көп жылдық екпелер, гектар | жайылым, гектар | |||||
1 | Қорағаты ауылдық округі | 23015,76 | 21701,65 | 7624,35 | 91,0 | 75,00 | 13911,30 | 1314,11 |
2 | Мемлекеттік жер қоры жерінен қосылған жер | 2827,7971 | 2827,7971 | 2827,7971 | ||||
3 | Шекарасы өзгертілгеннен кейінгі жер | 25843,5571 | 24529,4471 | 7624,35 | 91,0 | 75,00 | 16739,0971 | 1314,11 |