"Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 77-11 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 4-16 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 сәуірде № 4929 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 77-11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4888 болып тіркелген, электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіде 2021 жылдың 15 қаңтарында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Жеке тұрғын үй иесіне жалпы тармақтан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100% шығыны мөлшерінде, бірақ екі қосылу нүктесінен артық емес:

      1) құрамында бірінші, екінші топ мүгедектері бар отбасыларына;

      2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына;

      3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған жалғыз тұратын зейнеткерлерге көрсетіледі.

      Аталған газ құбырын жалпы тармақтан үйге дейін орнату және жүргізу шығындарын өтеу біржолғы болып есептеледі және алған өтініш иесіне, отбасы мүшелеріне және онымен бірге тұрақты тұратын адамдарға қайта көрсетілмейді.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ш. Байтакова

      Байзақ аудандық
      мәслихат хатшысы Б. Акбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады