2021 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 190 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 сәуірде № 4969 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес, Байзақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байзақ ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық және меншік нысандарына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санынан пайыздық көрсетілімінде 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Байзақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота шараларының ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. Ауданның ресми интернет ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы Дәулетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ ауданының әкімі Б. Казанбасов

  Байзақ ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 190 қаулысы қосымша

2021 жылға Байзақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар

Жұмыс керлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

Жұмыс керлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Рауан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15

13%

2

13%

2

2

"Айдын" шаруа қожалығы

2

50%

1

-

-

3

"Әулие-Ата Феникс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

247

-

-

0,4%

1


Жеке кәсіпкер "Калмуратов А.К."

2

50%

1

-

-


"Құмжота" шаруа қожалығы

10

10%

1

10%

1


Барлығы:

276

-

5

-

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады