2021 жылға Жамбыл ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 129 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 4916 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес, Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық және меншік нысандарына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санынан пайыздық көрсетілімінде 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота шараларының ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. Ауданның ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Олжас Елебекұлы Баққараевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі С. Арубаев

  Жамбыл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 18 наурыздағы
№ 129 қаулысына қосымша

2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Аса-су" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

34

0,7%

1

0,7%

1

2

"Бином" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

564

1%

5

1%

5


Барлығы

598


6


6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады