Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 09 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 4893 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 09.03.2022 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына қосымшаға сәйкес квота белгiленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 02 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4492 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2020 жылғы 15 қаңтарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандос Илиясбекович Ордабаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Т.Рысқұлов ауданы әкімі Е. Садыркулов

  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 21 қаңтардағы
№ 09 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталары

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

2%

1

2

Тұрар Рысқұлов аудандық "Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

54

2%

1

3

"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2%

1

4

"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Орталықтандырылғын кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

2%

1

5

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің "Таза Су-2014" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

89

2%

1

6

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің "Құлан-Энерго Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

97

2%

2


Барлығы:

424


7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады