Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 529 бабының 6 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, салық салу объектісінің Шу ауданы елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффиценттері бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Шу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балқыбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Жамбыл облысы Шу | |
ауданының әкімі | Н. Календеров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шу ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының басшысы
А. Ажмаханов _____________
"___"________2021 жыл
Шу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 113 қаулысына қосымша |
Шу ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Ауылдық округтерінің атауы | Елді мекендердің атауы | Коэффициенті |
1 | Шу қаласы | Шу қаласы | 2,7 |
2 | Төле би | Төле би | 2,7 |
Зверохозяйства | 2,2 | ||
3 | Алға | Алға | 2,7 |
Сауытбек | 2,2 | ||
Жайсан | 2,2 | ||
4 | Бірлік | Бірлік | 2,7 |
5 | Ақсу | Ақсу | 2,0 |
Оразалы | 2,0 | ||
6 | Қонаев | Қонаев | 2,7 |
7 | Жаңақоғам | Көктөбе | 2,7 |
8 | Далақайнар | Далақайнар | 2,0 |
9 | Балуаншолақ | Балуаншолақ | 2,0 |
Жиделі | 1,8 | ||
10 | Дулат | Бәйдібек | 2,2 |
Бөлтірік | 2,0 | ||
Ақтасты | 2,0 | ||
11 | Шоқпар | Шоқпар | 2,0 |
Шоқпар станциясы | 2,0 | ||
Еспе | 2,0 | ||
Құлақшын | 1,8 | ||
Алайғыр | 1,8 | ||
12 | Жаңажол | Жаңажол | 2,4 |
13 | Бірлікүстем | Бірлікүстем | 2,4 |
14 | Ескі Шу | Белбасар | 2,4 |
Еңбекші | 2,4 | ||
Тасөткел су қоймасы | 2,0 | ||
15 | Көкқайнар | Көкқайнар | 2,2 |
16 | Тасөткел | Таөткел | 2,0 |
Аспара | 1,8 | ||
Құмөзек | 1,8 | ||
17 | Ақтөбе | Ақтөбе | 2,0 |
18 | Өндіріс | Абай | 2,0 |
19 | Қорағаты | Мойынқұм | 2,0 |
Еңбек | 2,0 | ||
Жиенбет | 2,0 |