"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бектілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері 90 күнтізбелік күнге бекітілсін:
1 санаттағы тауық жұмыртқасы (1 ондық) - 346 теңге;
өсімдік майы - 597 теңге.
2. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Шайдаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |