V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының II сессиясының 2012 жылғы 16 сәуірдегі "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Қарағанды қалалық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 29 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 31 наурызда № 6272 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 03.07.2024 № 165 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 Қаулысына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 32 "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-154 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 064 (970) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетiлген шешіммен бекiтiлген Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнде (бұдан әрі – Ереже):

      1-тараудың тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      Ереженің 1 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";

      Ереженің 2 тармағының 6) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "6) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;";

      Ереженің 2 тармағының 9) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "9) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар – кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жиналыс шешімімен белгіленген пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті шығындары;";

      Ереженің 2 тармағының 11) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "11) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;";

      Ереженің 3 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Шекті-жол берілген шығыстар үлесі зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектер (жалғыз тұратын мүгедектер, мүгедектерден тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектер, мүгедектер мен олардың күтімімен айналысатын адамдар) үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 3 пайызы мөлшерінде, өзге санаттардағы азаматтар үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 4 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      2-тараудың тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:

      "2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау";

      Ереженің 4 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;";

      Ереженің 4 тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      Ереженің 5 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "5. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін белгіленген нормадан жоғары арналған шығыстарды төлеуді өтініш берушілер көрсетілетін қызметті берушімен жасалған шарттар шеңберінде жүргізіледі.";

      Ереженің 6 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысымен белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.";

      3-тараудың тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:

      "3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау";

      Ереженің 11 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "11. Жанжалды, даулы немесе қалыпсыз жағдайлар туындаған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселені шешу сот тәртібімен шешіледі.";

      Ереженің 12 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "12. Тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз сомасын тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынылған жағдайда, төлем тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар бір ай ішінде ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.";

      4-тараудың тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:

      "4-тарау. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі";

      Ереженің 14 тармағы келесі редакцияда баяндарсын:

      "14. Отбасының кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалануға шекті жол берілетін шығыстар үлесі өзгерген кезде, осы айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.";

      5-тараудың тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:

      "5-тарау. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі";

      Ереженің 17 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "17. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысының 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";

      Ереженің 19 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "19. Табыстар туралы дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактілері анықталған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алу кезеңінде құзыретті органдардан тұлға туралы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.";

      Ереженің 20 тармағы алынып тасталсын;

      Ереженің 21 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "21. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалануға арналған шығыстарды төлеудің нақты есептелген төлем сомасынан аспауы тиіс.";

      6 және 7-тараулардың тақырыптары келесі редакцияда баяндалсын:

      "6-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      7-тарау. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы Т. Ашимов
      Мәслихатының хатшысы К. Бексултанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады