Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1, 2 тармақшаларына, сондай ақ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы VI шақырылған ХХI сессиясының № 250 "Қарағанды қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4504 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 157 (1887) "Взгляд на события" газетінде, 2018 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Жумабеков |
Мәслихатының хатшысы | К. Бексултанов |
Қарағанды қалалық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 39 шешімімен бекітілген |
Қарағанды қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
№ п/п | Атауы | Есептік бірлік | Қызметтің құны Қосылған құн салығымен (теңге) |
1. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер | ||
1.1. | Жайлы үйлер | Тұрғын/1айда | 380,41 |
1.2. | Жайлы емес үйлер | Тұрғын/1айда | 410,02 |
2. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифі | ||
2.1 | Жеке тұлғалар үшін | 1 м3 | 1530,73 |
2.2 | Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін | 1 м3 | 1530,73 |
3. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифі | ||
3.1. | Жеке тұлғалар үшін | 1 м3 | 436,51 |
3.2. | Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін | 1 м3 | 522,48 |
4. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу тарифі | ||
4.1. | Жеке тұлғаларға, кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар | 1 м3 | 235,09 |
5. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату тарифі | ||
5.1 | Жеке тұлғаларға, кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар | 1 м3 | 391,38 |