Қарағанды қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы VI шақырылған ХХI сессиясының № 250 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 4504 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 39 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 07.04.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге жеке және заңды тұлғалар үшін тариф қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қарағанды қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы LIV сессиясының № 548 "Қарағанды қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3588 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 165 (1562) "Взгляд на события" газетінде, 2016 жылғы 13 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Жұмабеков
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2017 жылғы "22" желтоқсандағы
XХI сессиясының № 250 шешіміне
қосымша

Қарағанды қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Жинақталу нормасы, м3

1м3 үшін тариф (ҚҚС-мен) (теңге)

Бір айда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге үшін қызмет құны, теңге

Заңды тұлғаларға (1м3 үшін)


1508


Жеке тұлғалар

Жайлы тұрғын үй (1 тұрғынға)

1,76

1508

221

Жайлы емес тұрғын үй (1 тұрғынға)

2,26

1508

284

      Ескерту: ҚҚС – қосылған құн салығы;

      м3-текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады