Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.09.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген) келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
Қағидаларының 7 тармағы келесі мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"5-1) Астана күні;";
Қағидаларының 9 тармағы келесі мазмұндағы 17) тармақшасымен толықтырылсын:
"17) санаторий-курорттық емделуге жеке оңалту бағдарламасы бар, әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар мен 1 топтағы мүгедектер.".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Жумабеков |
Мәслихатының хатшысы | К. Бексултанов |