Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 8/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 тамызда № 24050 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының көлемін анықтау:

      1) әлеуметтік көмек ретінде бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ әр алушыға 1,5 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

      2) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ әр алушыға 1,5 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:

      1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;

      3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      4) толық емес отбасылар;

      5) қандастар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 30.06.2023 № 6/6 (оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысының м.а. М. Коновалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады