Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 8/4 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24050 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2- тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:
1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) толық емес отбасылар;
5) қандастар.".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | А. Ломакин |