Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 29/227 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 маусымда № 2667 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4/31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2021 № 4/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 55/415 "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-4-266 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 ақпандағы № 18 (11836) "Балқаш өңірі", 2012 жылғы 15 ақпандағы № 18 (874) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Ереженің кіріспесінде ", 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" № 394" деген сөздер алынып тасталсын;

      Ереженің 1 тармағының 9) тармақшасында:

      төртінші абзацтағы ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісіне ауыстырылсын;

      бесінші абзац алынып тасталсын;

      Ереженің 2 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтерді төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.";

      Ереженің 23 тармағында жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "23. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

Сессия төрағасы

Қ. Касимова

Қалалық мәслихаттың хатшысы

Қ. Рахимберлина

КЕЛІСІЛДІ


Қала әкімі

Аубакиров Н.Е.

2014 жыл 12 маусым


"Балқаш қаласының жұмыспен


қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы

Томпиева Ж.Қ.

2014 жыл 12 маусым


"Балқаш қаласының


экономика және қаржы бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы

Шлыкова З.С.


      2014 жыл 12 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады