Сәтбаев қаласының әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 08/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 ақпанда № 6176 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарының негізінде Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/04 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5376 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2019 жылғы 14 маусымда, "Шарайна" газетінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 22 (2367) жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Төлендинаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А. Идрисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады