Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 17/01 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 17/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 наурызда № 9-20 болып тіркелді

      Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы №17/01 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакция жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ш. Әубәкір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сәтбаев қалалық

      сайлау комиссиясы

  2023 жылғы 13
наурыздағы
№ 17/01
қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар

Сәтбаев қаласы

Ұлытау көшесі № 86, 90 үйлердің ортасында;

Абай Құнанбаев көшесі, Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;

Тәуелсіздік даңғылы, № 5А үйдің жанында;

академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үйдің жанында;

Виктор Гурба көшесі, "Кеншілер даңқы" алаңы, автобустық аялдаманың жанында;

Наурыз көшесі, № 27 жалпы білім беретін мектептің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;

академик Қаныш Сәтбаев даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысында, автобустық аялдаманың жанында;

Наурыз көшесі, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;

Ерден көшесі, № 199 үйдің жанында;

Абай Құнанбаев көшесі, № 85 үйдің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;

Абай Құнанбаев көшесі, қалалық емхананың төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;

академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 158 үйдің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады