"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 227 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4550 болып тіркелген);
2) "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 264 "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 227 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4724 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Хмилярчук |