Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қушоқы кентінің әкімінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 наурызда № 6246 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қушоқы кентінің әкімінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 4-ш шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қушоқы кентінің әкімінің 26.02.2025 № 4-ш шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Қушоқы кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қушоқы кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып "Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қушоқы кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Каламкас Меерхановна Абдрасимова тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қушоқы кентінің әкімі К.Кусаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады