Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарқаралы ауданы мәслихатының "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2020 жылғы 18 маусымдағы № VI-57/484 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5911 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |