Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 ақпанда № 6174 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Қайнарбұлақ ауылдық округі Аппаз ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6066 болып тіркелген, 2020 жылғы 14 қарашадағы № 44 (11791) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 05 қарашада электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      әкім Ж. Тилемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады