"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 06-05-02-16/295 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы Абай ауылдық округінің Айнабұлақ ауылының аумағында ірі қара малдың арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарқаралы ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6219 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы | Е. Ахметов |