Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 6312 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімінің 13.04.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2021 жылғы 16 сәуіріндегі № 3 хаттамасы негізінде, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысының Нұра ауданының Құланөтпес ауылдық округінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімінің орынбасары М.К. Жуманов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауданының әкімі А. Шалмаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады