Осакаров аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 59 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 166 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26044 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 59 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6325 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Саккулаков

  Осакаров аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 24
желтоқсандағы
№ 166
шешіміне 1 қосымша
  2021 жылғы 21 сәуірдегі №59
Осакаров аудандық
маслихатының шешіміне
1 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  Осакаров аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 24
желтоқсандағы
№ 166
шешіміне 2 қосымша
  2021 жылғы 21 сәуірдегі №59
Осакаров аудандық
маслихатының шешіміне
2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы

1.

Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

2.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

3.

Толық емес отбасылар.

4.

Білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық мамандар;
арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері;
мадениет және спорт ұйымдарының профильдік қызметкерлер.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады