Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 59 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 мамырда № 6325 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармақшасына, 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес анықталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Осакаров аудандық мәслихатының заңдылығы мен азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.

      3. "Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Қ. Төлеуов) осы шешімнің Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында және Осакаров ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Бекова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Саккулаков

  2021 жылғы 21 сәуірдегі №59
Осакаров аудандық
маслихатының шешіміне
1 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  2021 жылғы 21
сәуірдегі
№ 59
Осакаров аудандық
маслихатының шешіміне
2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 31.03.2023 № 2/16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Атауы

1.

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

2.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

3.

Толық емес отбасылар.

4.

Білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық мамандар;
арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері;
мадениет және спорт ұйымдарының профильдік қызметкерлер.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады