Молодежный кентіндегі Новая көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентінің әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 мамырда № 6334 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және кент тұрғындарының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Молодежный кенті әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров ауданы Молодежный кентіндегі Новая көшесінің атауы-Сембай Төкібаев көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды "Молодежный кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік сұрақтар бойынша бөлімінің басшысы-Зауре Мухамедиевна Ахметоваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімінің міндетін атқарушы А. Шарипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады